Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың толық жойылуына байланысты Павлодар қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Павлодар қаласының және Павлодар қаласы елді мекендерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Павлодар қаласы әкімінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 18 қарашадағы № 9 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 202909 болып тіркелген).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Д. Амановқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Х. Хабылбеков |
