Павлодар облысы бойынша жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 216/24 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына, Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы бойынша жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы И. Теренченко

  Павлодар облыстық
мәслихатының 2025
жылғы 30 қыркүйектегі
№ 216/24 шешіміне
қосымша

Павлодар облысы бойынша жер үсті су объектілерінің су ресурстарын
пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Р/с №

Арнайы су пайдалану түрлері

Өлшем
бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

268,16

2

Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп

1000 текше метр

767,72

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

216,26

4

Су көздерінен алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1000 текше метр

216,26

5

Су көлігі

1000 тонна шақырым

30,28


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады