2026 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 357/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына және 62-бабының 6-2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2025 жылғы "___" ______
№ _______ қаулысына
қосымша

Павлодар облысы бойынша 2026 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қосымша білім беру бағыттарының түрлері

Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны

Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

Ғылыми-техникалық

459

13016

2

Туризм және өлкетану

407

13016

3

Экологиялық-биологиялық

405

13016

4

Көркемдік-эстетикалық

524

13016

5

Әлеуметтік-педагогикалық

542

13016

6

Гуманитарлық

518

13016

7

Жаратылыстану-математикалық

475

13016

Барлығы:

3330



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады