Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 85-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу қағидаларының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31934 болып тіркелген) бекітілген Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Павлодар облысының жер үсті су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызмет режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысы әкімі | А. Байханов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары
және ирригация министрлігі Су ресурстарын
реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су
ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі
Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің Павлодар облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Экология және
табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық
реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы
бойынша экология департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі
"КЕЛІСІЛДІ"
"Павлодар облысының жер
қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі
Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы "25" тамыздағы № 237/1 қаулысына 1-қосымша |
Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ р/с | Су объектісінің атауы | Орналасқан жері |
Су қорғау аймағының |
Су қорғау белдеуінің ауданы, |
Су қорғау аймағының ені, |
Су қорғау белдеуінің ені, |
Павлодар қаласы | ||||||
1 | Ертіс өзені | Павлодар қаласы – оң жағалау | 554 | 5666 | 105-4270 | 35-3210 |
2 | Ертіс өзені | Павлодар қаласы – сол жағалау | 58 | 3032 | 4293-5785 | 4223-5715 |
3 | Қара Бидайық көлі | Павлодар қаласы | 396,0150 | 26,6590 | 500 | 35 |
4 | көл №1 | Павлодар қаласы | 62,4225 | 6,5831 | 300 | 50 |
5 | көл №3 | Павлодар қаласы | 69,5132 | 7,8698 | 300 | 50 |
6 | көл №5 | Павлодар қаласы | 62,0042 | 6,5082 | 300 | 50 |
Павлодар қаласының ауылдық аймағы | ||||||
7 | Мойылды көлі | Мойылды ауылы | 163,4 | 16,6 | 300 | 35 |
Екібастұз қаласының ауылдық аймағы | ||||||
8 | Шідерті өзені | Шідерті ауылы | 16,9634 | 1,1789 | 500 | 35 |
9 | Темірастау өзені | Төрт-Құдық ауылдық аймағы | 554,3658 | 44,8152 | 254-500 | 35 |
Ақсу қаласының ауылдық аймағы | ||||||
10 | Ертіс өзені | Ақсу қаласының ауылдық аймағы | 1242 | 59517 | 105-14290 | 35-13240 |
Ақтоғай ауданы | ||||||
11 | Ертіс өзені | Ақтоғай ауданы | 8400 | 43997 | 115-11335 | 35-8200 |
Железин ауданы | ||||||
12 | Ертіс өзені | Железин ауданы | 5700 | 8253 | 216-8232 | 36-7081 |
Ертіс ауданы | ||||||
13 | Ертіс өзені | Ертіс ауданы | 11100 | 41842 | 59-8960 | 35-6265 |
14 | Бірсуат өзені | Амангелді ауылдық аймағы – оң жағалау | 14,2542 | 1,0231 | 500 | 35 |
15 | Бірсуат өзені | Амангелді ауылдық аймағы – сол жағалау | 13,8733 | 0,9952 | 500 | 35 |
Май ауданы | ||||||
16 | Ертіс өзені | Май ауданы | 13500 | 73848 | 950-11926 | 880-10676 |
17 | Кемертұз көлі | Май ауданы | 103 | 21,8 | 500 | 100 |
18 | Ащысу өзені | Май ауданы | 162,7 | 16,3 | 500 | 55 |
Аққулы ауданы | ||||||
19 | Ертіс өзені | Аққулы ауданы | 1000 | 44498 | 67-12332 | 35-11326 |
20 | Тұз көлі | Аққулы ауданы | 1259 | 195 | 500-1300 | 100 |
21 | Қалатұз көлі | Аққулы ауданы | 2570 | 40 | 500-3130 | 35 |
22 | Кожа көлі | Аққулы ауданы | 188 | 54 | 300-500 | 100 |
Тереңкөл ауданы | ||||||
23 | Ертіс өзені | Тереңкөл ауданы | 9600 | 29323 | 45-11595 | 38-9210 |
Павлодар ауданы | ||||||
24 | Ертіс өзені | Павлодар ауданы | 9046 | 55549 | 51-14002 | 35-10699 |
25 | Маралды көлі | Павлодар ауданы | 852,1 | 71,1 | 500 | 35 |
Баянауыл ауданы | ||||||
26 | Біржанкөл көлі | Құндыкөл ауылдық округі | 81,5 | 7,5 | 500 | 35 |
27 | Сабындыкөл көлі | Баянауыл ауылдық округі | 495,6 | 37,7 | 500 | 35 |
28 | Ақсор көлі | Баянауыл ауданы | 212,4 | 23,88 | 300 | 35 |
29 | Тұз көлі | Баянауыл ауданы | 1797 | 160 | 500-2400 | 100 |
30 | Ащысу өзені | Баянауыл ауданы | 145 | 35 | 500 | 100 |
Шарбақты ауданы | ||||||
31 | Маралды көлі | Шарбақты ауданы | 1006,4 | 80,3 | 500 | 35 |
32 | Бура көлі | Шарбақты ауданы | 351 | 17 | 500-570 | 35 |
Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы "25" тамыздағы № 237/1 қаулысына 2-қосымша |
Павлодар облысының жер үсті су объектілерінде, су қорғау аймақтары
мен белдеулерінде шаруашылық қызмет режимі
1. Жер үсті су объектілерінде рұқсат етілмейді:
1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;
2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;
3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;
4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;
6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;
7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.
2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге жол берілмейді, мыналарды қоспағанда:
1) құрылыс және пайдалану:
су шаруашылығы құрылыстары мен олардың коммуникацияларын;
көпірлерді, көпір құрылыстарын;
айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;
балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;
ғимараттар мен құрылыстарды күрделі құрылыссыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;
су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін бақылау пункттерін;
2) жағалауды нығайту, орман өсіру және көгалдандыру;
3) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызметтер.
3. Су қорғау аймақтары шегінде:
1) жер үсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болырмайтын құрылыстар және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыру және салуға;
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
5) зираттарды орналастыруға;
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнайы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жер үсті және жер асты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға рұқсат етілмейді.
4. Орналастырылуы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабының ережелеріне қайшы келмейтін су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмайтын, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ағынсыз) жүйелерімен және (немесе) құрылыстар және құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.
5. Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет тәртібі бассейндік су инспекцияларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жобалар шеңберінде айқындалады.
6. Көлік немесе инженерлік коммуникацияларды су объектілерінің аумағы арқылы салу жобалары тасқын сулардың өтуін, су объектілерін пайдалану режимін, сулардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуын қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізуді көздеуі тиіс.
7. Елді мекендер шектерінде су қорғау жолақтарының шекаралары жағалау аймағы міндетті түрде су объектісінің ластануын болдырмай (қалқандар, опырылу, орман-бұталы жолақтар) орнатылған кезде жоспарлану мен құрылыс салынуына қарай белгіленеді.
8. Қолданыстағы үйге жақын саяжай және бау-бақша учаскелері олардың су қорғау режимін сақтаған жағдайда су қорғау жолағының шегінде орналастырылады.
9. Пайдалануында су қорғау аймағының шектерінде орналасқан жер алқабы бар жеке және заңды тұлғалар су қорғау аймақтарын тиісті жағдайда күтіп-ұстауды және қордағы жердің аумағы мен су қорғау жолақтарының аумақтарын қоспағанда, олардың аумағын шаруашылықта пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз етеді.