Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 140838 болып тіркелген) сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2025 жылға басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2025 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.
2. "Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Байханов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" _________ № ______ қаулысына 1-қосымша |
2025 жылға басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің
шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | 1 тоннаға арналған субсидиялардың нормалары, теңге |
1. | Қияр, қызанақ (өнеркәсіптік жылыжайлар) | 34 326 |
2. | Қарақұмық | 20 000 |
Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" _________ № ______ қаулысына 2-қосымша |
2025 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы
мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
№ | Субсидиялауға арналған бюджеттік қаражат көлемі, мың теңге | |
1 | Жергілікті бюджет | 500 000,0 |