"Ауыл шаруашылығында іріктемелі зерттеу жүргізу үшін іріктемелі жиынтықты қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 22 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2025 жылғы 17 шiлдедегi № 153 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығында іріктемелі зерттеу жүргізу үшін іріктемелі жиынтықты қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 22 ақпандағы № 36 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 наурызда № 16573 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 33) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығында іріктемелі зерттеу жүргізу үшін іріктемелі жиынтықты қалыптастыру бойынша әдістемеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ауыл шаруашылығында іріктемелі зерттеу жүргізу үшін іріктемелі жиынтықты қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес қалыптастырылатын және бекітілген статистикалық әдіснамаға жатады.";

      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әдістеме мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі – уәкілетті орган ведомствосы) құрылымдық бөлімшелерінің ауыл шаруашылығының статистикалық қызметінде іріктемелі зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу кезінде іріктемелі жиынтықты қалыптастыру саласында қолдануына арналған.

      4. Осы Әдістемеде Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған мәндердегі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы кәсіпорны – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, сақтаумен және қайта өңдеумен айналысатын, ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;

      2) бас жиынтық – сипаттамалары бағалауға жататын талдаудың барлық бірліктерінің толық тобы;

      3) іріктемелі жиынтық (іріктеме) – зерттеуге қатысу үшін бас жиынтықтан белгілі бір рәсімнің көмегімен таңдалған көптеген жағдайлар (сыналатындар, объектілер, оқиғалар, үлгілер);

      4) іріктеме дизайны – іріктемелі жиынтық тізімін қалыптастырудың ықтималдық сызбасы;

      5) іріктеменің стандартты қатесі – іріктеме параметрі мәнінің осы параметрдің іріктемелі орташа мәнінен стандартты ауытқуы.

      5. Іріктемелі жиынтық уәкілетті орган ведомствосының іріктемелі жиынтықтарын қалыптастыруға жауапты басқармаға уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшелері ерікті нысанда ұсынатын іріктеме дизайнына тапсырыс негізінде қалыптастырылады.

      Іріктеме дизайны тапсырысында:

      1) құрылымдық бөлімше атауы;

      2) зерттеу атауы;

      3) зерттеу мақсаты;

      4) бас жиынтықтың сипаттамасы;

      5) дескриптивті статистиканы есептеу үшін негізгі белгілері;

      6) репрезентативтілікке қойылатын талаптар;

      7) зерттеу кезеңі;

      8) тапсырыс берушіге іріктемені жеткізу мерзімі көрсетіледі.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ауыл шаруашылығы статистикасы шеңберінде іріктемелі зерттеу байқауының негізгі объектілері дара кәсіпкерлік субъектілері және үй шаруашылықтары болып табылады. Шаруашылықтардың тиісті санаты үшін бас жиынтықты анықтау үшін Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін субъектілер жөніндегі ақпаратты қамтитын Ауылшаруашылығы статистикалық тіркелімі (бұдан әрі – АШТ) пайдаланылады.

      АШТ арқылы ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін субъектілер жөніндегі ақпараттың келісімділігі қамтамасыз етілген және зерттеудің бас жиынтығы бөлінген.

      АШТ Қазақстан Республикасының ресми статистикалық ақпаратының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

      АШТ мына субъектілердің ұйымдастырылған және жүйеленген тізбесін қамтиды:

      1) ауыл шаруашылығы кәсіпорындары;

      2) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, сақтаумен және қайта өңдеумен айналысатын, ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда дара кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – дара кәсіпкерлік субъектілері);

      3) үй шаруашылықтары;

      4) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын бау-бақша және саяжай кооперативтері.

      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 295 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14581 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімін жүргізу және өзектілендіру бойынша әдістемеге сәйкес АШТ есепке алу бірліктері және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің типтері бойынша ақпаратты қамтитын төрт дерекқордан тұрады:

      1) ауыл шаруашылығы кәсіпорындары;

      2) дара кәсіпкерлік субъектілері;

      3) үй шаруашылықтары;

      4) бау-бақша және саяжай кооперативтері.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ауыл шаруашылығында іріктемені қалыптастыру кезінде КПЫБӨІ әдісі тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері ұсынған ақпарат негізінде бидай мен күріштің түсімділігін зерттеу үшін пайдаланылады. КПЫБӨІ әдісі екі кезеңнен тұрады:

      1) бірінші кезеңде алғашқы іріктемелі бірліктер (бұдан әрі – АІБ) ретінде олардың мөлшеріне пропорционалды шаруашылықтар таңдалады;

      2) екінші кезеңде қосалқы іріктемелі бірліктер (бұдан әрі – ҚІБ) ретінде АІБ бірінші кезеңінде әрбір таңдалған шаруашылықтан егістік алқаптары іріктеледі.".

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының басшысы
М. Тұрлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады