Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және "Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 5 наурыздағы № 42 бұйрығына сәйкес Федоров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылдық округі, Владыкинка ауылының аумағында орналасқан, ауданы 3,7229 га "Рудный-Қашар-Федоров" облыстық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту" жобасы үшін жария сервитут белгіленсін.
2. "Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы өкім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Б. Бакитжанов |