Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 47 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереже 15-тармағының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрықтың 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қосымшасының 6-тармағын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазастан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2025 жылғы 30 мамырдағы
№ 47 Бұйрыққа қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және ұсынымдық сипатқа ие.

      2. МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) орталық және жергілікті атқарушы органдар осы Әдістемеге сәйкес айқындайды.

      3. МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер:

      1) Мемлекеттік бастама жағдайында жекеше әріптесті конкурс тәсілімен айқындау кезінде:

      конкурстық құжаттаманы әзірлеуді, оның ішінде:

      конкурстық шарттарды әзірлеуді;

      жоба бойынша ақпараттық парақты әзірлеу немесе техникалық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуді;

      әлеуетті инвесторларды іздеу және тарту бойынша іс-шаралар өткізу, оның ішінде жария презентациялар, роуд-шоулар, конференциялар, жарнамалық науқандар өткізуді (қажет болған жағдайда);

      МЖӘ шартының жобасын әзірлеуді;

      бекітілген конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді (түзету);

      МЖӘ шарты бойынша, оның ішінде жекеше әріптестің кредиторларымен тікелей келісім бойынша келіссөздерге қатысуды (қажет болған жағдайда);

      2) жекеше бастама жағдайында жекеше әріптесті конкурс тәсілімен айқындау кезінде:

      конкурстық құжаттаманы әзірлеуді, оның ішінде:

      конкурстық шарттарды әзірлеуді;

      жаңа объектілер салуды, қолданыстағы объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгертуді (реконструкциялауды, кеңейтуді, техникалық қайта жарақтандыруды, жаңғыртуды, күрделі жөндеуді) көздейтін жобалар үшін ТЭН-нің техникалық-технологиялық бөлімін әзірлеуді;

      әлеуетті инвесторларды іздеу және тарту бойынша іс-шаралар өткізу, оның ішінде жария презентациялар, роуд-шоулар, конференциялар, жарнамалық науқандар өткізуді (қажет болған жағдайда);

      МЖӘ шарты бойынша, оның ішінде жекеше әріптестің кредиторларымен тікелей келісім бойынша келіссөздерге қатысуды (қажет болған жағдайда);

      3) жекеше әріптесті тікелей келіссөздер тәсілімен айқындау кезінде:

      МЖӘ шарты бойынша, оның ішінде жекеше әріптестің кредиторларымен тікелей келісім бойынша келіссөздерге қатысуды (қажет болған жағдайда) қамтиды.

2-тарау. МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу

      4. МЖӘ жобасының ерекшеліктеріне байланысты нақты көрсетілетін қызметтің құнын есептеу үшін МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтің құнына түзету коэффициенттері осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес тиісті коэффициенттер сомасын 1 адам-сағат құнына және нормативтік еңбек шығындарына көбейту жолымен пайдаланылады:

      P = с * l * (k1 + k2) + exp,

      мұндағы: Р – қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызмет құны;

      с – қосылған құн салығын есепке алмағанда, 1 адам-сағат құны;

      l – қызмет көрсетуге арналған базалық нормативтік еңбек шығындары, осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес;

      k – көрсетілетін қызметтер құнына түзету коэффициенттері;

      exp – жобалау-сметалық құжаттаманы, үлгілік жобаны, үлгілік жобалау шешімін, қайта қолдану жобасын (қажет болған жағдайда) байланыстыруға арналған шығыстар.

      Республикалық жобалар бойынша 1 адам-сағат құны қосылған құн салығын есепке алмағанда, 6 358,57 (алты мың үш жүз елу сегіз теңге елу жеті тиын) теңгені құрайды.

      Жергілікті жобалар бойынша адам-сағат құны консультациялық сүйемелдеу көрсететін заңды тұлғаны айқындайтын жергілікті атқарушы органның тиісті құқықтық актісімен бекітіледі.

      5. Жобалау құжаттамасын дайындау жөніндегі жұмыстың құнын, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы, үлгілік жобаны, үлгілік жобалау шешімін, қайта қолдану жобасын байланыстыру жөніндегі шығыстарды есептеу "Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 223-НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерге аккредиттелген заңды тұлғалар тартылады. МЖӘ жобаларының ерекшелігін негізге ала отырып, қызметтерді жеткізуші үшінші тараптардың қызметтерін тартады (қажет болған жағдайда).

      Ескерту. Қосымшаның 6-тармағы 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 4-тармағымен.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
консультациялық сүйемелдеу
бойынша көрсетілетін
қызметтер құнын айқындау
әдістемесіне
1-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнына түзету коэффициенттері

Ерекшелік

Коэффициент мәні, k

1

МЖӘ объектісін құрудың болжамды құны:



4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) төмен

0,8


4 000 000 АЕК-тен жоғары

1,2

2

Техникалық күрделі және бірегей жобаларға арналған салалық коэффициент:



құны 4 000 000 АЕК-тен төмен жобалар үшін;

1


құны 4 000 000 АЕК-тен жоғары жобалар үшін.

2

      Ескерту:

      * бюджеттік бағдарламалар әкімшісі айқындайды

  Мемлекеттік-жекешелік
  әріптестік жобаларын
  консультациялық сүйемелдеу
  бойынша көрсетілетін
  қызметтер құнын айқындау
  әдістемесіне
  2-қосымша

Көрсетілетін қызметтің бірлігіне базалық нормативтік еңбек шығындары


р/с

Көрсетілетін қызмет түрі

адам-сағат

1

Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, оның ішінде:


1.1

Конкурстық шарттарды әзірлеу;

200 дейін

1.2

Ақпараттық парақты әзірлеу

1500 дейін

Жаңа объектілер салуды, қолданыстағы объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгертуді (реконструкциялауды, кеңейтуді, техникалық қайта жарақтандыруды, жаңғыртуды, күрделі жөндеуді) көздемейтін жобалар үшін техникалық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеу

1500 дейін

Жаңа объектілер салуды, қолданыстағы объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгертуді (реконструкциялауды, кеңейтуді, техникалық қайта жарақтандыруды, жаңғыртуды, күрделі жөндеуді) көздейтін жобалар үшін ТЭН әзірлеу

2500 дейін

Жекеше бастама кезінде жаңа объектілер салуды, қолданыстағы объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін, коммуникацияларын) өзгертуді (реконструкциялауды, кеңейтуді, техникалық қайта жарақтандыруды, жаңғыртуды, күрделі жөндеуді) көздейтін жобалар үшін ТЭН-нің техникалық-технологиялық бөлімін әзірлеу

1000 дейін

1.3

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шартының жобасын әзірлеу

1500 дейін

2

Бекітілген конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу (түзету)

1500 дейін

3

Әлеуетті инвесторларды іздеу және тарту бойынша іс-шаралар өткізу, оның ішінде жария презентациялар, роуд-шоулар, конференциялар, жарнамалық науқандар өткізу (қажет болған жағдайда)

500 дейін

4

МЖӘ шарты бойынша, оның ішінде жеке әріптестің кредиторларымен тікелей келісім бойынша келіссөздерге қатысу (қажет болған жағдайда)

500 дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады