БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Републикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 38 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесінде:
38-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
ШБКi = (АШi - (НТi + Үрі + Бкi + Бөі + Ммжәi + Имi + Грі + Кшi + Ғшi) + КШi + ДБШi, мұндағы:
ШБКі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті бюджеттері шығындарының болжамды көлемі;
АШi – Қағидалардың 22, 24 және 26-қосымшаларына сәйкес жоспарлау кезінде ескерілмейтін шығыстарды есепке алмағанда, ағымдағы шығындардың болжамды көлемі;
НТi – жоғары тұрған бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер;
Үрi – Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резерві;
Бкi – бюджеттік кредиттер;
Бөi – жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындар;
Ммжәi – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер;
Имi – имидждік және өкілдік шығыстар;
Грi – гранттар беруге арналған шығыстар;
Кшi – жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен зерттеулер жүргізуге және консалтингтік көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар;
Ғшi – ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға арналған шығыстар;
КШі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің күрделі шығындарының болжамды көлемі;
ДБШi – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің дамуға арналған шығындарының болжамды көлемі.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру және ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
