БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22039 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;";
9-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | А. Амрин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Министрдің міндетін атқарушы 2025 жылғы 26 маусымдағы № 58 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына 9-қосымша |
Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді бақылауды күшейту мақсатында әзірленді.
2. Осы Үлгілік регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері (табиғи монополиялар субъектілері) – мемлекеттік әріптес және жеке әріптес, сондай-ақ "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын өзге де тұлғалар;
2) теміржол көлігіндегі тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тасымалдаушы;
3) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды ретттеу комитеті.
Осы Үлгілік регламентте пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы және теміржол көлігі туралы заңнамаларына сәйкес қолданылады.
3. Осы Үлгілік регламент бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар теміржолдар қызметтерін көрсеткен кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерімен тасымалдаушылармен жұмыс істеу қағидатын айқындайтын құжат болып табылады.
4. Тасымалдаушылармен өзара іс-қимыл кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тасымалдаушыларға бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынады;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген) сәйкес тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерін алу шеңберінде магистральдық теміржол желісін пайдаланудың қағидалары мен технологиялық нормаларын сақтау тұрғысынан тасымалдаушының іс-қимылын есепке алуды және бақылауды жүргізеді;
3) бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың объектілерін белгіленген жылдамдықтармен поездарды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ететін жағдайда ұстауды қамтамасыз етеді;
4) поездар қозғалысының графигін, технологиялық нормаларды, техникалық-өкімдік актілерді, станциялардың технологиялық процестерін және станциялар мен кірме жолдар жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін сақтайды;
5) магистральдық теміржол желісінің техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, тасымалдаушымен келісілген бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтері көлемінің орындалуын қамтамасыз етеді;
6) шартта көзделген мерзімдер мен шарттарға сәйкес бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар қызметтерін көрсетеді;
7) қызметтерді көрсету кезінде тасымалдаушының диспетчерлік қызметіне тасымалдау процесі мен вагон ағындарын ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, тасымалдаушы поездарының қозғалысын бақылау, қозғалыс графигін орындау үшін қажетті ақпаратты беруді жүзеге асырады және тасымалдаушының диспетчерлік қызметінен тиісті ақпарат алады;
8) қауіпсіздік және технологиялық нормалар талаптарына, сондай-ақ заңнамалық тәртіппен белгіленген көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес белгіленген сападағы бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдарда қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
9) бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың объектілерін белгіленген жылдамдықтармен поездарды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ететін жағдайда ұстауды қамтамасыз етеді;
10) бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың Қазақстан Республикасының теміржолдарын техникалық пайдалану қағидаларының және құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығымен бекітілген Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары) (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11257 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықтың (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6954 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығымен бекітілген Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7021 болып тіркелген) талаптарын орындайды;
12) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өзгеруі туралы тасымалдаушыны хабардар етеді;
13) магистральдық теміржол желісіне теміржол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды жібермейді;
14) жүру жолында тасымалдаушының жылжымалы құрамының темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен жүктің сақталуының техникалық және технологиялық талаптарына сәйкессіздігі анықталған кезде тасымалдаушының жылжымалы құрамының қозғалысын тоқтатады;
15) жылжымалы құрамға қызмет көрсететін персоналдың Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 424 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6581 болып тіркелген) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі анықталған кезде тасымалдаушы персоналын тасымалдау процесіне жібермейді;
16) тасымалдаушылар өтінімін беру кезектілігін ескере отырып, тасымалдаушының өтінімі негізінде поездар қозғалысының графигін әзірлейді және бекітеді;
17) бекітілген қозғалыс графигіне, қалыптастыру жоспарына және белгіленген технологиялық нормаларға сәйкес техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді келісуді қоса алғанда, поездар қозғалысын орталықтандырылған басқаруды жүзеге асырады;
18) магистральдық теміржол желісінің ақаусыз үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
2-тарау. Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсету
1-параграф. Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну
5. Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерге магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына сәйкес белгіленген мерзімде нысан бойынша өтінімді және құжаттарды жолдайды.
6. Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі техникалық ерекшелікті әзірлеуі және жариялауы;
2) бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуге тасымалдаушының өтінім беруі;
3) ұлттық инфрақұрылым операторының берілген өтінімді қарауы;
4) поездардың қозғалыс графигін және қозғалыс кестесін бекіту;
5) шарт жасасу.
7. Поездар қозғалысының нормативтік графиктеріне сәйкес графиктің белгілі бір желілері бойынша бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді тасымалдаушы поездардың қозғалысы кестесі қолданылуының бір мерзімінен аспайтын мерзімге (1 жыл) береді.
Поездар қозғалысының нормативтік графигінде көзделмеген қосымша тасымалдар бойынша бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну қосымша өтінімдер негізінде тасымалдаушының әрбір өтініші бойынша Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіпте бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар қызметтерін көрсетуге шарт болған кезде жүзеге асырылады.
2-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі тасымалдаушының өтінімін қарауы
8. Тасымалдаушының мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісіне бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдарды пайдалану құқығын алуға өтінім беруі, оны қарау және поездар қозғалысының графигіне енгізу Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі бекіткен тасымалдаушының поездар қозғалысының учаскелері бойынша қозғалыс графигінен үзінді-көшірме жасалатын шартқа қоса беріледі.
10. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі белгіленген тәртіппен бекіткен поездар қозғалысы графигінің негізінде тасымалдаушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі тасымалдау мерзіміне дейін күнтізбелік он күн бұрын тасымалдарды жүзеге асыру кезінде бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсетілетін қызметтерін пайдалануға арналған өтінімде көрсетілген поездар параметрлерінің өзгерістері туралы мәліметтерді қамтитын тасымалдау жоспарын ұсынады.
Тасымалдау жоспарын беру нысаны мен тәсілі мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі мен тасымалдаушы арасында жасалған шартта айтылады.
11. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі белгіленген тәртіппен бекіткен поездар қозғалысы графигінің негізінде тасымалдаушы тасымалдаушының тасымалдарының техникалық жоспарында көрсетілген тасымалдау мерзіміне дейін бір тәулік/сағат бұрын мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі поездың техникалық қарап-тексеруге берілген уақыты туралы хабардар етеді.
Хабарламаның нысаны мен тәсілі мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі мен тасымалдаушы арасында жасалған шартта айтылады.
12. Жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісіне жіберу кезінде тасымалдаушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектіге Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығымен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) белгіленген нысан бойынша және тәртіпте жылжымалы құрамға арналған есепке алу құжатын ұсынады.
13. Толтырылған тасымалдау құжаттарының бір данасын тасымалдаушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектіге поезды жөнелту станциясында береді.
Тасымалдау құжаттарының негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі поездың заттай парағын екі данада ресімдейді.
14. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектінің өкілдері жүру жолындағы поезд құрамының барлық өзгерістері туралы поездың заттай парағының барлық даналарына белгі жасайды.
15. Поезд межелі станцияға келгеннен кейін тасымалдаушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектіге поездың заттай парағының бір данасын және тасымалдау құжаттарының бір данасынан береді.
16. Поездың межелі станциясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі есептелген төлемдердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.
17. Поездың тасымалдау құжаттары мен заттай парағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъекті мен тасымалдаушы арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес қызметтер көрсету фактісін және олардың нақты көлемін растайтын құжаттар болып табылады және бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілген қызметтері үшін түпкілікті есеп айырысу жүргізу үшін негіз болады.
18. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектінің тасымалдаушының диспетчерлік қызметіне тасымалдау процесі мен вагон ағындарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, тасымалдаушы поездарының қозғалысын бақылау, қозғалыс графигін орындау үшін қажетті ақпаратты беруі тасымалдаушының әрбір өтініші бойынша жеке жүзеге асырылады.
3-параграф. Шоттар құру
19. Тұтынушы магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары бекіткен тарифтер бойынша әрбір айдың бірінші күніне дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектінің кіріс шотына аудару арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) қатаң сәйкестікте жүргізеді.
20. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген мерзімде тиісті ақпаратты орналастыру арқылы оның өзгеруі туралы хабардар етеді.
21. Магистральдық темір жол желісінің көрсетілген қызметтері үшін түпкілікті есеп айырысу магистральдық теміржол желісі қызметтері көрсетілген айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірілмей, магистральдық темір жол желісінің көрсетілген қызметтерінің нақты көлемі үшін екіжақты актілердің, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі арқылы жазып берген, Ұлттық инфрақұрылым операторы ұсынған электрондық шот-фактураның негізінде ай сайын нақты көлем үшін жүргізіледі.