"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес бірінші қауіптілік сыныбымен айқындалған, Ұзынкөл ауданының аумағындағы бар сібір жарасы көмулеріне жерлердің санитарлық қорғау аймақтарының радиустары 1000 метрде белгіленсін.
2. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазахстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етілсін:
1) осы қаулығы қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
2) осы қаулыны Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауданының әкімі | М. Жұрқабаев |
Әкімдіктің | |
2025 жылғы ____________ | |
№ __ қаулысына | |
қосымша |
Санитариялық-қорғау аймақтары белгіленетін Ұзынкөл ауданының аумағында орналасқан жер учаскелерінің тізімі
1) Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Сатай ауылы мекенжайында орналасқан, бар сібір жарасы көмулеріне орналастыру және қызмет көрсету үшін арналған кадастрлық нөмірі 12-184-015-090, ауданы – 0,0012 гектар жер учаскесі;
2) Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Федоров ауылдық округі, Сокол ауылы мекен жайында орналасқан, бар сібір жарасы көмулеріне орналастыру және қызмет көрсету үшін арналған, кадастрлық нөмірі 12-184-017-059, ауданы – 0,0018 гектар жер учаскесі;
3) Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Обаған ауылдық округі, Тайсойган ауылы мекенжайында орналасқан, бар сібір жарасы көмулеріне орналастыру және қызмет көрсету үшін арналған, кадастрлық нөмірі 12-184-018-511, ауданы – 0,0019 гектар жер учаскесі.