Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 7 тамыздағы № 4 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейімбет Майлин ауданының аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 4 тамыздағы № 01-20/322 ұсынысы негізінде, Белинский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі Мақсұт ауылы, Б.Т.Малаевтың жеке шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының орын алуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейімбет Майлин ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Бейімбет Майлин ауданының ветеринариялық пункті" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізу ұсынылсын.

      3. "Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберу;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) осы шешімнің қабылданғаны туралы әділет органдарын хабардар ету қамтамасыз етілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Белинский ауылдық округі әкіміні Н. Кошеров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады