Бейімбет Майлин ауданының аумағында сібір жарасы көмулеріне жерлердің санитарлық-қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 180 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес бірінші қауіптілік сыныбымен айқындалған, Бейімбет Майлин ауданының аумағындағы қолданыстағы сібір жарасы көмулеріне жерлердің санитарлық қорғау аймақтарының радиустары 1000 метрде белгіленсін.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау ейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қ. Мыржақыпов

      КЕЛІСІНДІ

      Қостанай облысы әкімдігі ветеринария

      басқармасының "Бейімбет Майлин

      ауданының ветеринариялық

      станциясы" коммуналдық мемлекеттік

      кәсіпорнының бастығы

      __________________ У. Курмангалиев

  Әкімдіктің
  2025 жылғы "12" қыркүйектегі
  № 180 қаулысына
  қосымша

Бейімбет Майлин ауданының аумағында орналасқан жер учаскелерінің тізімі

      1) Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі? Журавлевка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан, қолданыстағы сібір жарасы көмулеріне орналастыру және қызмет көрсету үшін кадастрлық нөмірі 12-189-025-30, ауданы – 0,0098 гектар жер учаскесі;

      2) Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Белинский ауылдық округі мекенжайы бойынша орналасқан, қолданыстағы сібір жарасы көмулеріне орналастыру және оларға қызмет көрсету үшін кадастрлық нөмірі 12-189-056-022, ауданы – 0,0098 гектар жер учаскесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады