Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 74-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тобыл" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының" 2025 жылғы 27 маусымдағы № 01-41/97 өтінішіне сәйкес:
1. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тобыл" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жария сервитут орнату туралы" 2024 жылғы 21 мамырдағы № 10 шешімінің күші жойылсын.
2. "Тобыл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу.
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталонында бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін "Тобыл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тобыл кентінің әкімі | А. Бердалинов |