Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 150-Ө бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлерін кеңсе керек-жарақтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 294-Ө бұйрығының;

      2) "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 301-Ө бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады