Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына сәйкес Первомай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдады:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін және телефон кәрізін төсеу және пайдалану үшін Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомайское ауылы Советская көшесі бойынша жер учаскесін пайдаланушылардан жалпы ауданы 0,0502 гектар учаскелерді алып қоймай, 10 (он) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберу;
2) осы шешімді Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы | Н. Лакеева |