"Uplink" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай ауданы Мәскеу ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 6 шешімі.

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Мәскеу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Uplink" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аумақта орналасқан ауданы 2,9321 гектар бөлінбейтін жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Московское ауылы ТОБЖ жобалау және төсеу үшін

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы Мәскеу ауылдық округі әкімінің 27.11.2025 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Uplink" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маскеу ауылдық округінің әкімі А. Муканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады