Қостанай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 шілдедегі "Қостанай ауданы ауылдық округ және Тобыл қаласы әкімдері аппараттарының eрежелерін бекіту туралы" № 533 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қарашадағы № 686 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 шілдедегі "Қостанай ауданы ауылдық округ және Тобыл қаласы әкімдері аппараттарының eрежелерін бекіту туралы" № 533 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Қостанай ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ережесінің 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111106, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Айсары ауылы, Школьная көшесі, 11.

      Мемлекеттік органның толық атауы – "Қостанай ауданының Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.".

      2. Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қабылданған сәтінен бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі О. Нургалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады