Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 538 қаулысы

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 914-1 - бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.

      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін.

      2) осы қаулыны Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі О. Нургалиев

  Қостанай ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "__" тамыздағы
  № _____ қаулысына
  қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстарды орындау міндетті ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыс объектілері

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

1

"Қостанай ауданының Тобыл қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты тазалау және ретке келтіру
Бұталарды кесу
Ағаштарды отырғызу, әктеу
Сырлау, ғимаратты, қоршауды әктеу
Шөп шабу
Абаттандыру

2

"Қостанай ауданының Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

3

"Қостанай ауданының Александров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

4

"Қостанай ауданының Белозер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

5

"Қостанай ауданының Владимиров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

6

"Қостанай ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

7

"Қостанай ауданының Жданов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

8

"Қостанай ауданының Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

9

"Қостанай ауданының Майкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

"Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

11

"Қостанай ауданының Мәскеу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

12

"Қостанай ауданының Надеждин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

13

"Қостанай ауданының Озерный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

14

"Қостанай ауданының Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

15

"Қостанай ауданының Садчиков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

16

"Қостанай ауданының Ульянов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады