"ЭПК-forfait" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне әуе электр беру желілеріне қызмет көрсету және пайдалану үшін шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) беру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 15 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшаларына және 69-бабының 4-тармағына сәйкес, Тоғызақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "ЭПК-forfait" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Гурьянов ауылы аумағында орналасқан жер учаскелерінде әуе электр беру желілерін қызмет көрсету және пайдалану үшін бір жыл мерзімге шектеулі мақсаттағы жер пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу.

      1) Гурьянов ауылындағы МолодҰжная көшесі, Центральная көшесі КТП 1147-ден шығатын 0,4 кВ әуе желісі – 0,0248 гектар;

      2) Гурьянов ауылындағы Центральная көшесі, Речная көшесі, Абая көшесі КТП 1143-ден шығатын 0,4 кВ әуе желісі – 0,0273 гектар.

      2. "Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіліенген тәртіппен қамтамасыз етеді

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу;

      2) осы шешімді Тоғызақ ауылдық округі әкімдігінің интернет - ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      И. Проскурникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады