Қазақстан Республикасы Жер кодексі 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1- тармағының 6) тармақшасына сәйкес және "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 390 өтініші негізінде Бөрлі ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылы аумағында орналасқан, жалпы көлемі 2,52 гектар жер учаскесінде газ тарату желілерін салу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіліенген тәртіппен қамтамасыз етеді:
1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдау;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Бөрлі ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет – ресурсында орналастыру.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Д. Юсупов |