"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзің-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңынын 31, 37 – баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, бірінші қауіптілік сыныбымен айқындалған, Қарабалық ауданының аумағында бар сібір жарасы көмулеріне жерлердің санитарлық қорғау аймақтарының радиус 1000 метрде белгіленсін.
2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілсін.
2) Осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
| Қарабалық ауданының әкімі | Р. Халықов |
| Қарабалық ауданы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "___" __________ | |
| № ______ қаулысына | |
| қосымша |
Қарабалық ауданында орналасқан жер учаскелердің тізімі
1. Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Новотроицк ауылдық округі мекенжайында орналасқан, сібір жарасы көмулеріне орналастыру және қызмет көрсету үшін арналған кадастрлық нөмірі 12-182-012-162, алаңы – 0,0098 гектар жер учаскесі;
2. Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Бозкөл ауылы мекенжайында орналасқан, сібір жарасы көмулеріне орналастыру және қызмет көрсету үшін арналған кадастрлық нөмірі 12-182-026-1204, алаңы – 0,0098 гектар жер учаскесі;
3. Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Өрнек ауылдық округі, Өрнек ауылы мекенжайында орналасқан, сібір жарасы көмулеріне орналастыру және қызмет көрсету үшін арналған кадастрлық нөмірі 12-182-031-568, алаңы – 0,0098 гектар жер учаскесі;
4. Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Бөрлі ауылы мекенжайында орналасқан, сібір жарасы көмулеріне орналастыру және қызмет көрсету үшін арналған кадастрлық нөмірі 12-182-033-760, алаңы – 0,0036 гектар жер учаскесі;
5. Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Кособа ауылдық округі мекенжайында орналасқан, сібір жарасы көмулеріне орналастыру және қызмет көрсету үшін арналған кадастрлық нөмірі 12-182-042-098, алаңы – 0,0098 гектар жер учаскесі;
6. Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Лесной ауылы (елді мекен шегінен тыс) мекенжайында орналасқан, сібір жарасы көмулеріне орналастыру және қызмет көрсету үшін арналған кадастрлық нөмірі 12-182-044-087, алаңы – 0,0098 гектар жер учаскесі.
