Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 15 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35-бабына сәйкес Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Алюминий Қазақстан" акционерлік қоғамына Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Адаевка ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы ауданы 5735,439176 гектар жер учаскесіне 2028 жылғы 07 сәуірге дейінгі мерзімге жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін мұндай жерлерді меншікке немесе жер пайдалануға алмай және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, қауымдық сервитут белгілеу.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Адаевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы, Адаевка ауылдық округі әкімдігінің интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған қүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгіділеді.

      Б. Рахимжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады