"Қазақстан Алюминийі" акционерлік қоғамына жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы Бестөбе ауылы әкімінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 9 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Бестөбе ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақстан Алюминийі" акционерлік қоғамы Қостанай облысы Қамысты ауданы Бестөбе ауылының аумағында орналасқан, жалпы ауданы 7812,11 гектар жер учаскесіне 2028 жылғы 7 сәуірге дейінгі мерзімге жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жер пайдалану жария сервитут белгіленсін, мұндай жерлерді меншікке немесе жер пайдалануға алмай және жеке меншік жер учаскелерінен алмай-ақ меншік иелері немесе жер пайдаланушылар.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Бестөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу;

      2) осы шешімді Қамысты ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бестөбе ауылының әкімі С. Бисембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады