Қамысты ауданы әкімдігінің "Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы 2022 жылғы 18 тамыздағы № 146 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 89 қаулысы

      Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қамысты ауданы әкімдігінің "Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы 2022 жылғы 18 тамыздағы № 146 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде":

      2-тарау 15-тармақ мынандай мазмұндағы 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауылдарда маңдайшаларды орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;

      "11) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану бойынша жұмыстарын жүргізеді".

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы С. Сейдалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады