Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35–бабына сәйкес Қамысты ауданы Қарабатыр ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы " ММ-не Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қарабатыр ауылының аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,057 гектар (57м х 10м) жер учаскесіне "Қостанай облысы Қамысты ауданы Ливановка және Қарабатыр ауылдарында газ тарату желілерін салу" жобасы бойынша Қарабатыр ауылының газ реттеу пунктіне кірме жолды төсеу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Қарабатыр ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған қүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| А. Хавалхан |
