Жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің м.а. 2025 жылғы 28 тамыздағы № 16 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне газ құбырын тарту және пайдалану мақсатында 2055 жылғы 4 маусымға дейінгі мерзімге: Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 9 шағын ауданда орналасқан, ауданы 0,0238 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актінің қабылданғаны туралы Әділет органын хабардар ету;

      2) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілсін.

      3) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің міндетін атқарушы Б. Бижанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады