"Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Приреченка ауылында сумен жабдықтаудың тарату желісіне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Приречен ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2)-тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6)-тармақшасына сәйкес Денисов ауданының Приречен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге, ауданы – 3,3819 гектар жер учаскесін "Қостанай облысы Денисов ауданының Приреченка және Окраинка ауылдарының тарату желілері мен құрылыстарын салу" объектісіне Приреченка ауылында сумен жабдықтаудың тарату желісіне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Приречен ауылдық округінің әкімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімнің ресми жариялағаннан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Приречен ауылдық округінің әкімі В. Борисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады