Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 36 "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Тіл туралы" Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауды жүзеге асырады;
2) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) ауданның жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауданның мемлекеттік мәдениет және тілдерді дамыту ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) ауданның мәдениет және тілдерді дамыту ведомстволық бағынысты ұйымдардың мәдени-демалыс, кітапхана қызметін дамыту және тілдерді дамыту жөніндегі қызметін қолдайды және үйлестіреді, әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
5) ауданның мәдениет ұйымдары қызметінің мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат ұсынады;
6) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
7) облыстың атқарушы органына көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
8) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздеуге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
9) шығармашылық және кітапхана қызметінің түрлі салаларында аудандық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер мен конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
10) бюджет қаражаты көлемінің шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
11) мәдениет және мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту саласында аудан деңгейінде әлеуметтік маңызы бар, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;
12) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
13) азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
14) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзу бойынша жауаптылық жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізеді;
15) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді;
16) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
17) ауданның атқарушы органдарына ауылдарға, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
18) ауылдарда маңдайшаларды орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
19) Бөлімнің құзыреті шегінде тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, қорғау және пайдалану, олардың жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
20) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.".
2. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз ету:
1) жоғарыда көрсетілғен Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдасын;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Денисов ауданының әкімі | Р. Қатпаев |
