Ескерту. 01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 4-тармағымен.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.
2. "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірме Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Аудан әкімі | Р. Қатпаев |
Денисов ауданы әкімдігінің | |
2025 жылғы 25 тамыздағы | |
№ 188 қаулысына | |
қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
№ | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Ұйымдардың тізбесі |
1 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Архангельск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
3 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
4 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Денисов ауданының Глебовка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
5 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Красноармейск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
7 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Денисов ауданының Қырым ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
8 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Перелески ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
9 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Покров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
10 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Приречен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
11 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Свердлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
12 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |