Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамына елді мекендердің жер санатынан Лисаков қаласы, 7-шағын аудан мекенжайында орналасқан, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге көп пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік желілерін салу және абаттандыру үшін жалпы алаңы 3,2000 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімінің міндетін атқарушы | Е. Казиев |
