Қала әкімдігінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 264 "Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 тамыздағы № 264 қаулысы

      Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арқалық қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 264 "Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10247-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақта:

      3) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1. тармақпен толықтырылсын:

      1-1. "Арқалық қаласы аумағында инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі пункттердің тізбесін келесі объектілер мен межелі пункттер тізбесімен кеңейтілсін:

      қоғамдық моншалар".

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) Осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      2) Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3) Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қаласының әкімі Ә. Асанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады