Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69 және 71-1-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Teniz Resources Ltd." жеке компаниясына пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, Арқалық қаласының Қостанай облысы аумағында орналасқан жалпы алаңы 345,3623 шаршы шақырым гектар жер учаскесіне 2031 жылғы 05 қаңтарға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Teniz Resources Ltd." жеке компаниясы (келісім бойынша) жасалған жекеше сервитутты белгілеу туралы шартқа немесе соттың шешіміне сәйкес меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға сервитут және залалдарды өтеу үшін төлем сомасын төлеуі қажет.
3. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ә. Асанов |