"Хоум Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 696 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Хоум Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

      1) Рудный қаласы, 19 шағынаудан, 10, 11 учаскелер мекенжайы бойындағы су құбырын төсеу мақсатында көлемі 0,0057 га;

      2) Рудный қаласы, 19 шағынаудан, 10, 11 учаскелер мекенжайы бойындағы жылу жолын төсеу мақсатында көлемі 0,0100 га;

      3) Рудный қаласы, 19 шағынаудан, 10, 11 учаскелер мекенжайы бойындағы кәріз құбырын төсеу мақсатында көлемі 0,0153 га;

      4) Рудный қаласы, 19 шағынаудан, 10, 11 учаскелер мекенжайы бойындағы газ құбырын төсеу мақсатында көлемі 0,0226 га;

      5) Рудный қаласы, 19 шағынаудан, 10, 11 учаскелер мекенжайы бойындағы кабель желісін төсеу мақсатында көлемі 0,1146 га;

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады