Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 258 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Қостанай облысының Рудный қаласы, 19 шағынауданы мекенжайы бойында сыртқы электрмен жабдықтау тораптарын салу" жобасына арналған мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

      1) Рудный қаласы, 19 шағынауданы, Узловая ШС-нан РП 4-ке дейін Т-7 траншея мекенжайы бойында сыртқы электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,3262 га;

      2) Рудный қаласы, 19 шағынауданы, РП 4-тен ТП 19-6-ға дейін Т-7 траншея мекенжайы бойында сыртқы электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0942 га;

      3) Рудный қаласы, 19 шағынауданы, РП 4-тен ТП 19-3-ке дейін Т-7 траншея мекенжайы бойында сыртқы электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0759 га;

      4) Рудный қаласы, 19 шағынауданы, ТП 19-6-дан ТП 19-5-ке дейін Т-6 траншея мекенжайы бойында сыртқы электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0874 га;

      5) Рудный қаласы, 19 шағынауданы, ТП 19-3-тен ТП 19-2-ге дейін Т-6 траншея мекенжайы бойында сыртқы электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0724 га;

      6) Рудный қаласы, 19 шағынауданы, ТП 19-5-тен ТП 19-4-ке дейін Т-6 траншея мекенжайы бойында сыртқы электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,1161 га;

      7) Рудный қаласы, 19 шағынауданы, ТП 19-2-ден ТП 19-1-ге дейін Т-6 траншея мекенжайы бойында сыртқы электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,1101 га;

      8) Рудный қаласы, 19 шағынауданы, ТП 19-1-ден ТП 19-4-ке дейін Т-6 траншея мекенжайы бойында сыртқы электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0489 га.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады