Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына елді мекендердің жері санатынан мына мекенжай бойынша жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Қостанай қаласы, Дружба тұрғын үй алабы, жалпы алаңы 0,7450 гектар, инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, жалпы алаңы 2,1052 гектар, инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
| Әкім | М. Жүндібаев |
