Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 1144 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2025 жылғы 5 тамыздағы
  № 1144 қаулысына
  қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қаласы, Қонай шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0382 гектар, "Қостанай қаласы, Қонай шағын ауданындағы 2-шығару өрт сөндіру депосының құрылысы" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды салу және пайдалану үшін (сыртқы электрмен жабдықтау желілері);

      2) Қостанай қаласы, Текстильщиков көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0050 гектар, "Қостанай қаласы, Қонай шағын ауданындағы 2-шығару өрт сөндіру депосының құрылысы" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды салу және пайдалану үшін (сыртқы газбен жабдықтау желілері);

      3) Қостанай қаласы, Текстильщиков көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0142 гектар, "Қостанай қаласы, Қонай шағын ауданындағы 2-шығару өрт сөндіру депосының құрылысы" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды салу және пайдалану үшін (сыртқы сумен жабдықтау желілері);

      4) Қостанай қаласы, Текстильщиков көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0117 гектар, "Қостанай қаласы, Қонай шағын ауданындағы 2-шығару өрт сөндіру депосының құрылысы" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды салу және пайдалану үшін (сыртқы кәріз желілері);

      5) Қостанай қаласы, Текстильщиков көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0792 гектар, "Қостанай қаласы, Қонай шағын ауданындағы 2-шығару өрт сөндіру депосының құрылысы" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды салу және пайдалану үшін (сыртқы байланыс желілері).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады