Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 949 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2025 жылғы 30 маусымдағы
  № 949 қаулысына
  қосымша

"Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мекенжайы бойынша орналасқан, "Қостанай қаласы Н. Назарбаев даңғылы бойынша мектеп жасындағы балаларға арналған Смарт орталыққа телефондандырудың инженерлік желілерін салу" жобасы бойынша ұзындығы 111,31 м жер учаскесі;

      2) Қостанай қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мекенжайы бойынша орналасқан, "Қостанай қаласы Н. Назарбаев даңғылы бойынша мектеп жасындағы балаларға арналған Смарт орталыққа су құбырының инженерлік желілерін салу" жобасы бойынша ұзындығы 26,52 м жер учаскесі;

      3) Қостанай қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мекенжайы бойынша орналасқан, "Қостанай қаласы Н. Назарбаев даңғылы бойынша мектеп жасындағы балаларға арналған Смарт орталыққа канализацияның инженерлік желілерін салу" жобасы бойынша ұзындығы 20,16 м жер учаскесі;

      4) Қостанай қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мекенжайы бойынша орналасқан, "Қостанай қаласы Н. Назарбаев даңғылы бойынша мектеп жасындағы балаларға арналған Смарт орталыққа электрмен жабдықтаудың инженерлік желілерін салу" жобасы бойынша ұзындығы 1096,9 м жер учаскесі;

      5) Қостанай қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мекенжайы бойынша орналасқан, "Қостанай қаласы Н. Назарбаев даңғылы бойынша мектеп жасындағы балаларға арналған Смарт орталыққа жылумен жабдықтаудың инженерлік желілерін салу" жобасы бойынша ұзындығы 253,7 м жер учаскесі;

      6) Қостанай қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мекенжайы бойынша орналасқан, "Қостанай қаласы Н. Назарбаев даңғылы бойынша мектеп жасындағы балаларға арналған Смарт орталыққа бульвар салу" жобасы бойынша алаңы 1,3294 га жер учаскесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады