Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар бағытындағы тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша cубсидиялар нормативін, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттарын, өтінім нысанын және өтінім беру мерзімін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 шілдедегі № 191 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар бағытындағы тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша cубсидиялар нормативі, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттары және өтінім беру мерзімі;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар бағытындағы тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімінің нысаны бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінең бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2025 жылғы 8 шілдедегі
  № 191 қаулысына
  1-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар бағытындағы тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша cубсидиялар нормативі, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттарын және өтінім беру мерзімі

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидиялар алу өлшемшарттар

Өтінім беру мерзімі

Бас/жылына бір рет

858 500

1. Есепке алу нөмірінің болуы.
2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы.
3. Өтінім беру сәтінде асыл тұқымды мал басын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқормен және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорымен тіркелген болуы.
4. Республикалық зауыттық жылқылар палатасы берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы.
5. Аккредиттелген зертхана жүргізген әке мен ананың ДНҚ генотиптеу нәтижелерін растай отырып, жылқының ДНҚ генотиптеу нәтижелерінің болуы.
6. Жылқыларды бонитирлеу жөніндегі Нұсқаулықта белгіленген мерзімдерде жылқыларды бонитирлеуді жүргізу (жылқы шаруашылығында асыл тұқымдық есепке алудың барлық белгіленген нысандарының болуы және жүргізілуі).
7. Жеке жылқылардың ипподромдарда тегіс және қашықтықтан ат жарысына міндетті түрде қатысуы.

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан 20 желтоқсанына дейін (қоса алғанда)

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2025 жылғы 8 шілдедегі
  № 191 қаулысына
  2-қосымша


  Нысаны

Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар бағытындағы тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша субсидиялар алуға арналған өтінім

  "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" ММ
  Өтінім нөмірі: _____
  Өтінімнің қалыптастырылған күні: ____

      1. Тауар өндірушінің атауы ________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/заңды тұлғаның атауы)

      2. Тауар өндірушінің мекенжайы: ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ (облыс, аудан, қала/ауыл/көше, үй нөмірі)

      3. ЖСН/БСН ________________________________________________________________________________

      4. Банктік реквизиттер (ЖСК, Кбе, БСК): ________________________________________________________________________________

      5. Шаруашылықтың есепке алу нөмірі: ________________________________________________________________________________

      6. Өтінім берушінің жер учаскелері туралы мәліметтер:

Р/с

Кадастрлық нөмірі

Жалпы алаңы, гектар

Жер санаты

Нысаналы мақсаты

1

2

3

4

5






      7. Тауар өндірушінің телефон нөмірі ____________________________________________________________________

      8. Асыл тұқым мал басының тізімі:

Р/с

АЖБ-да тіркелген ЖСН

САТЖАҚ-дағы тіркеу нөмірлері

1

2

3




      9. Аккредиттелген зертхана жүргізген әке мен ананың ДНҚ генотиптеу нәтижелерін растай отырып, жылқының ДНҚ генотиптеу нәтижелерін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      10. Жылқыларды бағалау жүргізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      11. Субсидиялау нормативі бір басқа 858 500 теңге.

      12. Тиесілі субсидияның жалпы сомасы ___________________________________ теңге.

      Мәлімделген мал басының жыл бойы сақталуын (мал шығынының зоотехникалық және ветеринариялық нормаларын қоспағанда) қамтамасыз ететінімді растаймын, сақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда жануарының сақталмаған басы үшін алынған субсидияларды қайтаруға келісемін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЖБ – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жануардың сәйкестендіру нөмірі;

      Кбе – бенефициар коды;

      САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады