Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 5-ш шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің 16 тамыз 2025 жылғы №21-06/3/1582-И хатына және "Promservice-Aktau" ЖШС-нің сараптамалық қорытындысы, Мұнайлы ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 18 тамыздағы № 3 хаттамасы негізінде Мұнайлы ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылдық округі, Қызылтөбе-2 тұрғын үй массиві аумағында жер асты газ құбырының техногендік авариялық жағдайдың туындау қауіпіне және жазатайым оқиғаларға әкеп соғуы мүмкіндігіне байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және оған техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұнайлы ауданы әкімі Қ.Құлжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады