Таушық ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық ауылы әкімінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 19 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және Таушық ауылы халқының пікірін ескере отырып, Таушық ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Таушық ауылының атаусыз көшелеріне келесідей атаулар берілсін:

      1) Таушық ауылы, IV кварталда орналасқан көшеге (№150, 151, 152, 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169,170, 171, 172, 173, 174, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187, 188, 189 үйлер) - Торғай Шоңқаловтың есімі;

      2) Таушық ауылы, IV кварталда орналасқан көшеге (№41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78 үйлер) - Ағия Тлеповтың есімі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.


      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі Н.Бақтыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады