Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Түпқараған ауданының ауылдарының және ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/188 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Түпқараған ауданының ауылдарының және ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;";
4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы | А.Байбатырова |