Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69 баптарына cәйкес, Жетібай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес "QAZAQGAZ AIMAQ" акционерлік қоғамына Жетібай ауылы, Мұнайшы-1 шағын ауданы жерінен жалпы көлемі 0,0072 гектар жер учаскесін № 1 газ реттеу пунктін орналастыру және пайдалану үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жетібай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Жетібай ауылының әкімі | Т. Кошкинов |
| Жетібай ауылы әкімінің " 3 " ақпан 2025 жылғы № 8 шешіміне қосымша |
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
Жер санаты және жер пайдаланушылар атауы | Барлық жер, га | |
Елді мекеннің жерлері | ||
"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ | 0,0072 | |
оның ішінде: | ||
1 | 13-197-005-2301 | 0,0002 |
2 | 13-197-005-747 | 0,0022 |
3 | Елді мекеннің жері | 0,0048 |
Барлығы | 0,0072 |
