Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарақия ауданы жерінен көлемі 7,0983 гектар, оның ішінде жайылымы 6,0939 гектар жер учаскесі "KMG Barlau" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне № NO-1 ұңғымасына апаратын автокөлік (далалық) жолы үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 1 (бір) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| С.Төретаев |
