Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 бұйрығына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Бейнеу ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бейнеу ауданының құрамындағы ауыл және ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудан құрамындағы 9 ауыл және 1 ауылдық округ тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы | А.Бораш |
Бейнеу аудандық мәслихатының | |
2025 жылғы 15 тамыздағы №32/245 | |
шешіміне 1 қосымша |
Бейнеу ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бейнеу ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 бұйрығымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі.
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің және ауылдық округтің әкімі ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті көшеден қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Бейнеу аудандық мәслихатының | |
2025 жылғы 15 тамыздағы №32/245 | |
шешіміне 2 қосымша |
Бейнеу ауданының құрамындағы ауылдардың және ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудан құрамындағы 9 ауыл және 1 ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бойынша
1. Бейнеу ауылының тұрғындары үшін 21 өкіл, оның ішінде:
№ | Ауыл атауы | Участкесінің № | Көшенің, ауылдың атауы | Өкілдерінің саны |
1 | Бейнеу | 1 | Б.Майлин атындағы көшесінің №1-80 үйлері, Қ.Сәтбаев атындағы көшесінің №1-86А үйлері, Т.Рысқұлов атындағы көшесінің №1-80 үйлері, Д.Нұрпейісова атындағы, Айназар ата атындағы, С.Датұлы атындағы, Ш.Құдайбердіұлы атындағы, М.Жұмабаев, № 30-35, № 37, № 62-64 көпқабатты үйлері, № 65-92 үйлері, Ө. Құлбатыров атындағы, Е. Бөкетбайұлы атындағы, Ж. Байбозұлы атындағы, Ыбырайым ахун Құлбайұлы атындағы, И. Тіленбайұлы атындағы, Қ. Ещанов атындағы, А. Жұбанов атындағы, Ә. Молдағұлова атындағы, Қ. Төлеуұлы атындағы, Байқұл қажы Қаныбекұлы атындағы, С. Сейфуллин атындағы, Барақ батыр атындағы көшелерінің үйлері | 3 |
2 | Ақтан Керейұлы атындағы көшесінің № 1-20 үйлері, Ерменбет Би атындағы көшесінің № 1-26 үйлері, Тұрманбет Батыр атындағы көшесінің № 1-27 үйлері, Әділ атындағы көшесінің № 1-27 үйлері, Тастемір атындағы көшесінің № 1-29 үйлері, Тұрсын атындағы көшесінің № 1-29 үйлері, Досат атындағы көшесінің № 101-120 үйлері, М. Әуезов атындағы, Атақозы Батыр атындағы, Ә. Жангелдин атындағы, И. Сүйеубаев, Жамбыл атындағы, Абай атындағы, Т. Тоқтаров атындағы, Ж. Аймауытов атындағы, Құрманғазы атындағы, Сәттіғұл атындағы, С. Қилыбайұлы атындағы көшелерінің үйлері. | 3 | ||
3 | № 38-41 көпқабатты үйлері, Қосай ата атындағы, Т.Айбергенов атындағы, Ер Қонай атындағы, Мәтжан Би атындағы, Ер Шабай атындағы, Т. Әлиев атындағы, А. Тілеуұлы атындағы, Н. Оңғалбаев атындағы, М. Бегенов атындағы, Н. Шыршығұлұлы атындағы, Ер Бегей атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Ер Қармыс атындағы, А. Байтұрсынов атындағы, Е. Айшуақов атындағы, Сұлтан Бейбарыс атындағы, Қ. Боқанұлы атындағы, Төремұрат атындағы көшелерінің үйлері. | 3 | ||
4 | Ұлы Жібек Жолы көшесінің № 1-55 үйлері, Меңдіқұл Батыр атындағы көшесінің № 1-55 үйлері, Азан Балов атындағы, Оразмұхамед ахун атындағы, Қыдырша ата атындағы, Рсалы Батыр атындағы, Ақбөбек атындағы, Қайып Қорабайұлы, Досан Тәжіұлы атындағы, Ж. Мыңбаев атындағы, Қ. Сыдықов атындағы, Ізтұрған Меңдіқұлов атындағы, И. Тайманов атындағы, М. Мәметова атындағы, Махамбет атындағы, Т. Әлниязұлы атындағы көшелерінің үйлері. | 2 | ||
5 | № 1-29, № 47-49, № 53-56, № 59-61 көпқабатты үйлері, С. Ақшабаев атындағы, Ж. Қалдығараев атындағы, Қашаған атындағы көшелерінің үйлері, 1 учаскесінің үйлері, Сұлтан Бейбарыс атындағы, Төремұрат батыр атындағы, Қосай ата атындағы және Т. Айбергенов атындағы көшелерінің арасында орналасқан № 1-80 үйлер, Көне Бейнеу жеріндегі үйлер. | 2 | ||
6 | Қ. Сәтбаев атындағы көшесінің № 147-240 үйлері, Досат атындағы көшесінің № 1-100 үйлері, Есекмерген Батыр атындағы, Бекес Дәрментайұлы атындағы, Самалық Батыр атындағы, Шолтаман, Қ. Сәтбаев атындағы көшесінің № 87-146 үйлері, Т. Рысқұлов атындағы көшесінің № 81-241 үйлері, Асау Батыр атындағы көшесінің № 128-179 үйлері, Амантұрлы Батыр атындағы көшесінің № 128 – 179 үйлері, Қ. Тоқсанбайұлы атындағы көшесінің № 115-179 үйлері, Балуанияз атындағы көшесінің № 118-179 үйлері, Сүгір Бегендікұлы атындағы көшесінің үйлері. | 2 | ||
7 | Б. Майлин атындағы көшесінің № 81-240 үйлері, Шоғы батыр атындағы, Қаржаубай Жылқыбаев атындағы, Тұрыш ата атындағы, Қарағайлы, Қосарқан, Қарақоға, Шахан, Аспантай, Уәйіс Қайралапов атындағы, Әбдібек Жаманбаев атындағы, Бірлік, Білеулі, Белдеулі, Жезді, Достық, Ынтымақ, Рзаевтар, Амантұрлы Батыр атындағы көшесінің № 1-127 үйлері, Асау Батыр атындағы көшесінің № 1-127 үйлері, Қ. Тоқсанбайұлы атындағы көшесінің № 1-114 үйлері, Балуанияз атындағы көшесінің № 1-117 үйлері, Қалнияз ақын атындағы көшесінің үйлері.атындағы көшелерінің үйлері. | 2 | ||
8 | Ұлы Жібек жолы көшесінің №56-130 үйлері, Меңдіқұл батыр атындағы көшесінің № 56-130 үйлері, Әділ атындағы көшесінің № 28-135 үйлері, Тастемір атындағы көшесінің № 30-135 үйлері, Тасастау, Көлтабан, Жиделі, Рақ батыр атындағы, Аманжол шебер атындағы, Бердібай Сарбалаев атындағы, Сүйінқара батыр атындағы, Аманбай ата атындағы, Ш. Шыңғысов атындағы, А. Өтеуов атындағы, Шиланды, Қайдақ, Ақшағыл, Матай, Серкебай, Ақтан Керейұлы атындағы көшесінің № 21-135 үйлері, Ерменбет Би атындағы көшесінің № 27-135 үйлері, Тұрманбет Батыр атындағы көшесінің № 28-135 үйлері, Тұрсын атындағы көшесінің № 30-135 үйлері, Шағырлы, Т. Қосжанұлы атындағы көшелерінің үйлері. | 2 | ||
9 | Балуанияз атындағы көшесінің № 180-280 үйлері, Қ. Тоқсанбайұлы атындағы көшесінің № 180-280 үйлері, Амантұрлы Батыр атындағы көшесінің № 180-280 үйлері, Асау Батыр атындағы көшесінің № 180-280 үйлері, Айрақты, Дағар, Жайылған, Манашы, Мұрын жырау атындағы, Уәлі, Сайқұдық, Опорная, Абылай хан атындағы, Алатау, Әбілхайыр хан атындағы, Балқаш атындағы, Бопай ханым атындағы, Есенқазақ, Жайық, Жетісу, Каспий, Күйкен, Құсшы, Лабақ Батыр атындағы, Мұғалжар, Нарынқол, Сарыарқа, Бейнеу, Ұлытау, Хасан хазірет атындағы, Шаршы, Шүңкілдек, Қалмұрат Сабырбаев атындағы, Шерқала, Желтау, Қарабұлақ, Ұланақ көшелерінің үйлері. | 2 |
2. Боранқұл ауылының тұрғындары үшін 9 өкіл, оның ішінде:
№ | Ауыл атауы | Участкесінің № | Көшенің, ауылдың атауы | Өкілдерінің саны |
2 | Боранқұл | 1 | Боранқұл ауылының 2, 6 және 7 учаскелерінің үйлері. | 3 |
2 | Боранқұл ауылының 3 және 5 учаскелерінің үйлері. | 3 | ||
3 | Боранқұл ауылының 1 және 4 учаскелерінің үйлері. | 3 |
3. Ақжігіт ауылының тұрғындары үшін 6 өкіл, оның ішінде:
№ | Ауыл атауы | Участкесінің № | Көшенің, ауылдың атауы | Өкілдерінің саны |
1 | Ақжігіт | 1 | Ақжігіт ауылының № 1-128 үйлері. | 3 |
2 | Ақжігіт теміржол стансасының № 1, № 2 екі қабатты үйлері, Ақжігіт ауылының № 129-242 үйлері. | 3 |
4. Есет ауылының тұрғындары үшін 5 өкіл, оның ішінде:
№ | Ауыл атауы | Участкесінің № | Көшенің, ауылдың атауы | Өкілдерінің саны |
1 | Есет | 1 | Есет ауылының үйлері. | 5 |
5. Сарға ауылының тұрғындары үшін 5 өкіл, оның ішінде:
№ | Ауыл атауы | Участкесінің № | Көшенің, ауылдың атауы | Өкілдерінің саны |
1 | Сарға | 1 | Сарға ауылының үйлері. | 5 |
6. Тұрыш ауылының тұрғындары үшін 5 өкіл, оның ішінде:
№ | Ауыл атауы | Участкесінің № | Көшенің, ауылдың атауы | Өкілдерінің саны |
1 | Тұрыш | 1 | Тұрыш ауылының үйлері. | 5 |
7. Сыңғырлау ауылының тұрғындары үшін 5 өкіл, оның ішінде:
№ | Ауыл атауы | Участкесінің № | Көшенің, ауылдың атауы | Өкілдерінің саны |
1 | Сыңғырлау | 1 | Сыңғырлау ауылының үйлері. | 5 |
8. Төлеп ауылының тұрғындары үшін 5 өкіл, оның ішінде:
№ | Ауыл атауы | Участкесінің № | Көшенің, ауылдың атауы | Өкілдерінің саны |
1 | Төлеп | 1 | Төлеп ауылының үйлері. | 5 |
9. Тәжен ауылының тұрғындары үшін 5 өкіл, оның ішінде:
№ | Ауыл атауы | Участкесінің № | Көшенің, ауылдың атауы | Өкілдерінің саны |
1 | Тәжен | 1 | Тәжен ауылының үйлері. | 5 |
10. Сам ауылдық округінің тұрғындары үшін 5 өкіл, оның ішінде:
№ | Округ атауы | Участкесінің № | Көшенің, ауылдың атауы | Өкілдерінің саны |
1 | Сам | 1 | Сам ауылының үйлері. | 3 |
2 | Ноғайты ауылының үйлері. | 2 |