Маңғыстау облысы бойынша "Үздік ауыл әкімінің аппараты" рейтингі жеңімпаздары ауыл әкімдері аппараттары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 24/282 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау облысы бойынша "Үздік ауыл әкімінің аппараты" рейтингі нәтижелері негізінде ауыл әкімдері аппараттары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылары белгіленсін:

      1)бірінші орын үшін – әр қызметкерге 6 (алты) лауазымдық жалақы;

      2)екінші орын үшін – әр қызметкерге 4 (төрт) лауазымдық жалақы;

      3)үшінші орын үшін – әр қызметкерге 2 (екі) лауазымдық жалақы.


      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Ж.Матаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады