Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің "2025 жылға арналған "Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" 2025 жылғы 11 ақпандағы № 29 қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі 5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма қарамағындағы ұйымдарының тізбесі
1) Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының "Ақтау қалалық ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының "Жаңаөзен қалалық ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының "Қарақия аудандық ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының "Мұнайлы аудандық ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының "Түпқараған аудандықветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының "Маңғыстау аудандық ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының "Бейнеу аудандық ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.".
2. "Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Маңғыстау облысы әкімі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
