"Маңғыстау облысының индустриялдық - инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 166 қаулысы

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маңғыстау облысының индустриялдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 51 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 207520 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға сәйкес бекітілген "Маңғыстау облысының өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

      15-тармақта:

      11), 22), 31), 35), 39), 46), 47), 63), 76), 77), 78), 79), 80) тармақшалары алынып тасталсын;

      32) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "32) Маңғыстау облысына инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі мен облыс әкімі жанындағы инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі штабтың қызметін қамтамасыз ету;";

      43) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "43) Қазақстан Республикасының инновациялық саясатын жергілікті деңгейде іске асыру;";

      48) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "48) өңірдің басым бағыттарына сәйкес "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы" акционерлік қоғамының жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;";

      49) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "49) "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы аумағында іске асырылатын инвестициялық жобалардың мониторингін жүзеге асыру;";

      50) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "50) өз құзыреті шегінде "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы аумағында инженерлік инфрақұрылымның дамуына мониторингті жүзеге асыру;";

      52) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "52) шетелде облыстық сауда-экономикалық миссиялар мен делегацияларды ұйымдастыруға жәрдемдесу;";

      61) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "61) өз құзыреті шегінде шетелде өтетін халықаралық форумдарды, көрмелерді тұсаукесерлерді жоспарлау, дайындау және өткізу;";

      62) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "62) өз құзыреті шегінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің хаттамалық тапсырмаларын және Маңғыстау облысының даму бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;";

      15-тармақ 62-1), 62-2), 62-3), тармақшаларымен толықтырылсын:

      "62-1) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру" бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және бақылау жүргізу;

      62-2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі бағыттарында мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметін үйлестіру;

      62-3) "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қатысуымен іске асырылатын инвестициялық, инфрақұрылымдық, әлеуметтік және өзге де жобаларды әзірлеуге, келісуге және іске асыруын мониторингілеу;".

      2. "Маңғыстау облысының өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады