2025 жылға Маңғыстау облысы бойынша басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдардың тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 маусымдағы № 157 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылға Маңғыстау облысы бойынша басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбай

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2025 жылғы "22" маусымдағы
  № 157 қаулысына қосымша

2025 жылға Маңғыстау облысы бойынша басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары

Басым дақылдардың тiзбесі

Өлшем бірлігі

1 гектарға субсидиялар нормалары

1

Жабық топырақта өсірілетін көкөніс дақылдары (бір дақыл айналымы):

гектар

теңге


Өнеркәсіптік жылыжай кешендері

гектар

6 175 150


Фермерлік жылыжайлар

гектар

2 705 180


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады