"Маңғыстау облысының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілерді тамақтандыруға кететін шығындарды өтеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 154 қаулысы

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Маңғыстау облысының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілерді тамақтандыруға кететін шығындарды өтеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы №1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4666-12 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспеcі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысына және "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 29329 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".


      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады